ПЕДАГОГТЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТУ
2016 жылдың 3 қазанында Халықтар достығы мен мәдениет үйінде Павлодар қаласының әкімі Н.К. Әшімбетовтың қатысуымен мұғалімдер күніне арналған Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай өткізілген салтанатты жиында №16 лицей-мектебінің директорының орынбасары З. Қ. Нурекенова әкімнің арнайы сыйлығына ие болды. Әріптесіміз З.Қ. Нурекенованы осындай жетістіктермен шын жүректен құттықтаймыз. Шығармашылық табыс тілей отырып, тек биік шыңдардан көрінуіңізге тілектеспіз!