Телефон доверия
53-57-39
email: sosh16@goo.edu.kz
Адрес: Айманов к., 51
53-23-04 53-75-41
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі с 16:00 до 18:00 Жұма с 16:00 до 18:00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Құрметті талапкер!
24-06-2016 04:17

Құрметті талапкер!

Біздің мамандыққа өту баллы – 50!

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті - инновациялық бағыттағы көп салалы университет, аймақтағы үш сатылы кадрларды дайындау бойынша білім беруді жүргізетін бірден-бір беделді жоғары оқу орны. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы мамандығынан ауыл шаруашылығының 5B080200 бакалавры және 6М080200 магистрі дәрежесі берілетін «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандықтарына студенттерді қабылдау жүргізіледі. 5B080200 - Зоотехнология, генетика және селекция мамандығы бойынша келесідей оқу бағдарламалары бар:
  • мал шаруашылығындағы селекция;
  • малдарды азықтандыру мен күтіп бағудың технологиясы.
5B080200 - Зоотехнология, генетика және селекция мамандығының бакалаврлары келесі кәсіптік қызмет түрлерін орындай алады: -мал шаруашылығының өнімдерінің өндірісін ұйымдастыру; -малдарды көбейтудің тиімді әдістері, жаңа түрді алу; - селекция жұмыстарын жетілдіру; - малшаруашылығы өнімдерінің сапасын бағалау; - азықтандыру мәзірлерін құру және өндіріске алдыңғы технологияларды енгізу; - алдын-ала малдәргерлік іс-шараларды ұйымдастыру; - агробизнеспен шұғылдану. 5B080200 «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығы бойынша студенттер тәжірибенің барлық түрлерін өтіп меңгереді:
  • ауылшаруашылығындағы малдардың экстерьерін бағалау әдістері;
  • малдардың бонитировка әдістері;
  • ауылшаруашылығындағы малдарды көбейтудің тиімді әдістері;
  • малдарды азықтандыру мәзірін құру және азықтың сапасын бағалау әдістері;
  • мал шаруашылығындағы азықтарды өндіру технологиясы;
- мал дәргерлігі негіздері. Мамандықтардың және мамандардың болашағы Бұл мамандықтар бойынша дәрістерді университеттің, сондай-ақ облыстың басқа да аграрлық құрылымдарының алдыңғы қатарлы докторлары және ғылым кандидаттары жүргізеді. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы бакалавры малшаруашылығын ұйымдастырушысы ғана емес, сонымен бірге ол экономист, бухгалтер, бизнесмен білімдерін де меңгереді. Берілген мамандық бойынша түлектердің жұмысқа орналасуына үлкен мүмкіндік-тер бар:
  • фермерлік және шаруалық қожа-лықтар;
  • өндірістік кооперативтер;
  • селекция орталықтары;
  • ауылшаруашылық басқармалары;
  • дистрибьютор орталықтары және
  • асыл тұқымды өндіру шаруашы-лықтары.
IQNet эксклюзивті белгісі - бүкіл әлемге танымал сапа менеджменті және құзыреттіліктің жоғары деңгейлік нышаны. Certified by Russian Register С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде сырттай оқу түрінде қашықтықтан оқыту технологиялары мына бағыттар бойынша қолданылады: кейстік (қашықтықтан оқыту бөлімі арқылы ақпаратпен алмасу) және желілік (интернет арқылы ақпаратпен алмасу). Павлодар мемлекеттік университетінде «Академиялық ұтқырлық», «Шетел ғалымдарын шақыру» бағдарламалары жүзеге асырылады. Бізге оқуға түсе алады: - ҰБТ және кешенді тестілеу нәтижелеріі бойынша жалпы орта білім беру негізінде оқу мерзімі: күндізгі – 4 жыл. Тестілеуде таңдалатын пән – биология. Оқыту тілдері: қазақша, орысша. Негізгі дайындықтың жоғары деңгейін, шығармашылық жұмысқа бейімділігін көрсеткен түлектер «Зоотехнология, генетика және селекция» кафедрасында келесі магистратура мамандығы бойынша білімдерін жалғастыра алады: - 6М080200 - Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы" Оқу мерзімі: 2 жыл (күндізгі). Біздің университетімізде ERASMUS, TEMPUS, IAESTE және Fulbright шетел бағдарламаларына қатыса аласыздар. ИСО 9001:2000 сертификаты білім беру әрекетінде халықаралық стандарттың менеджмент сапа жүйесіне сәйкес. ТАЛАПКЕР, БІЗ СІЗДІ КҮТЕМІЗ! 87472225145, а.профессор Ахажанов Кайролла Касенұлы А1-105 каб.