Сенім телефоны
53-57-39
email: sosh16@goo.edu.kz
Мекенжайы: Айманов к., 51
53-23-04 53-75-41
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі с 16:00 до 18:00 Жұма с 16:00 до 18:00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Қараңғы қазақ көгіне Өрмелеп шығып күнн болам...»
07-02-2018 15:22
«Қараңғы қазақ көгіне Өрмелеп шығып күнн болам...»

«Қараңғы қазақ көгіне Өрмелеп шығып күнн болам...»
5-ақпан күні №16 лицей-мектебінде осындай атаумен 10-сыныптарға арналған әдеби сағат ұйымдастырылды. Бұл шара белгілі ақын, ағартушы-демократ, жерлесіміз Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығына арналған «Бір ел - бір кітап» акциясының аяқталуына орайластырып өткізілді.

Тарихтан мәлім, көрнекті ақынның өмірі біздің заманымыздың аса ауыр әрі күрделі кезеңдеріне тап келді. Дауыл мен азаптар етек алған бұл кезеңде біздің Отанымыздың тағдыры жол айырығына келіп тірелген болатын. С.Торайғыров өзінің туындыларында нақ осы кезеңдердің бет бейнесін шебер бедерледі. Сол уақыттағы қоғамның аса өзекті, өткір мәселелерін өз шығармаларына басты арқау етті. Ол әлеуметтік-қоғамдық маңызды мәселелерді философиялық тұрғыда жан-жақты ашық та ашып көтере білді. Қаламгердің есімі философиялық поэзияның дәуірлеуімен ғана емес, сонымен қатар әдебиеттің жанрлық, көркемдік тұрғыда байтылуымен де ерекшеленді.