Мейірім төгетін ана
Жыл сайын елімізге кеңінен танымал жан Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне орай «Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты декада ұйымдастырылады. Бұл бұлжымас дәстүрге айналған. «Өзін-өзі тану» бағдарламасының мән-маңызы өз күшіңе, мүмкіндіктеріңе сенуге, өзімізді түсінте білуге, өз өмірімізді адамгершілік мұрат-мақсаттары қағидаларына қарай құруға, қысқасы, махаббатқа, құрмет пен түсіністікке, өзара сыйластыққа негізделгенін айтып өткен жөн.
Бұл бағдарламаның маңыздылығы сол, Қазақстанның Бірінші Ханымы Сара Алпысқызына Мәскеу төрінде Халықаралық «Алтын жүрек» сыйлығы тапсырылған кезде жиналған қауым шексіз ықыластан залды ерекше қошеметке бөледі. Өйткені мұндай жоғары награда өзінің өмірін, еңбегін қоғамға, балаларға, олардың болашағына арнаған, өмір бойы осы жолда қызмет қылған адамға ғана табыс етіледі.
№16 лицей-мектебінің кітапханасында Сара Алпысқызының өмірі мен елге атқарған қызметіне, шығармашылығына арналған арнайы көрме ұйымдастырылды. Көрмеден Сіз осынау Ұлы да қарапайым жанның өмірі мен қызметі жайлы жан-жақты ақпараттарға, арнайы материалдарға
«Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы»