Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
53-57-39
email: sosh16@goo.edu.kz
Адрес: Айманов к., 51
53-23-04 53-75-41
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі с 16:00 до 18:00 Жұма с 16:00 до 18:00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Сүйікті кітаптар көші
17-02-2018 19:51
Сүйікті кітаптар көші

Оқырмандық сауаттылық пен кітаптардың кең тұрғыда сұранысқа ие болуы – мектеп кітапханасы қызметінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Кітап – білім бұлағы» жобасын белсенді жүзеге асырудағы басты бағыты. Бл бағыттағы жұмыстар балалардың кітап оқуға деген ынтасын, құмарлығын оятуға, рухани және зияткерлік ой-өрісін дамытуға, кітап оқудың қоғамдағы маңызын арттыруға, оқуды жаппай насихатауға негізделген. Тек осы мақсат-міндеттер ойдағыдай жүзеге асырылғанда ұлтымыздың рухани және зияткерлік деңгейі өрістей түседі.

Айта кету керек, №16 лицей-мектебінде өткізілген «Сүйікті кітаптар көші» атты акция оқырмандар тарапынан үлкен қызығушылыққа ие болды. Өйткені бұл шара кітап оқуды насихаттауға арналған жұмыстардың жемісті үлгісі ретінде танылып отыр.

Акция барасында арнайы жасалған «Сүйікті кітаптар ағашының» әр бұтағын қызықты кітаптардың және олардың авторларының аттары жазылған жапырақтармен безендіру, бояу ерекше маңызға ие болды. Мұндай тапсырма оқушылардың айрықша қызығушылығын тудырды.

Осы шараны өткізу арқылы біз оқушылардың кітап оқуға деген ынтасы жоғары екенін байқадық. Ал оқуға деген сүйіспеншілік – ұлт жетістігі мен табыстылығының жемісі.