Сенім телефоны
53-57-39
email: sosh16@goo.edu.kz
Мекенжайы: Айманов к., 51
53-23-04 53-75-41
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі с 16:00 до 18:00 Жұма с 16:00 до 18:00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Наурыз мерекесі тойланды
26-03-2018 09:17
Наурыз мерекесі тойланды

Наурыз мерекесі тойланды

2018 жылдың 22-наурызы күні Павлодар қаласы №16 лицей-мектебінің базасында шағын аудан тұрғындары үшін Наурыз-думан мерекесі ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді. Мерекеде оқушылардың және мұғалімдердің күшімен көпшілікке думанды концерттік бағдарлама ұсынылды. Бұл күні мерекелеп келушілерге ақ дастарқан жайылып, қонақтар бауырсақтан, Наурыз көжеден, тәтті палаудан дәм татып, хош иісті, жеңіл дәмді шәй ішті.

Мектеп жанындағы стадионда ұлттық ойындар сайыстары ұйымдастырылып, қонақтар шапшаңдық, жылдамдық, ептілік бойынша өзара күш сынысты. 5 «а» сыныбы оқушыларының ата-аналары шағын аудан тұрғындары үшін мереке ұйымдастырған мектеп ұжымына ерекше алғыс білдіреді. Мереке үшін Сіздерге зор алғыс айтамыз!