Оқушылар арасында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру және шығармашылық белсенділіктерін арттыру мақсатында 4 қараша мектебімізде 6-сынып оқушылары арасында «21 ғасыр көшбасшылары» деп аталатын ойын-викторина болып өтті. Ойын айтулы мереке – Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай өткізілді. Ойынның 5 кезең Республикамыздың тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктеріне, мемлекеттік мерекелерге, мемлекеттік рәміздер мен еліміз үшін айтулы болып табылатын оқиғалар, жуырда еліміздің астанасында өтетін халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі төңірегінде өрбіді.
Алғашқы кезеңнен-ақ ойыншыларымыз сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындау кезінде ұшқыр ойлары мен алғырлықтарын көрсете білді. Ойынның 3-кезеңі «Полиглот» деп аталған болатын. Аз ғана уақыт ішінде ойыншыларымыз республикамыз жайлы ағылшын тіліндегі мәтінді қазақ және орыс тіліне аударып берді. Бүгінгі жас ұрпаққа қарап, елбасымыз атап өткен үштұғырлы тіл саясатына еркін көше алатынымызға көзіміз жетті.
Мектептің «Жас Ұлан» БЖҰ белсенділері ойыншылар үшін ЭСКПО-2017 көрмесі жайлы бейнеролик ұсынды. Ойынға қатысушылар өз кезегінде аталған тақырыпты әрі қарай өрбіте отырып, халықаралық көрме жайлы суреттер салды. Сайыс соңында әділқазы алқасының мүшелері – директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Смаилова Б.С., информатика пәнінің мұғалімдері Исабекова Л.З. мен Мухамеджанова З.Р. өткізілген іс-шараға жоғары бағаларын беріп, жеңімпаздарды мадақтамалармен марапаттады. Оқушылар болса осындай іс-шаралардың жиі өткенін қалайтындарын айтты.
Аға тәлімгер
Айбекова А.Ж.