Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
2021 жылдың 20 қыркүйегінде 20 мектеп-лицейде "Тәуелсіздік жетістіктері" тақырыбында республикалық сынып сағаты өтті.
20-09-2021 19:37
2021 жылдың 20 қыркүйегінде 20 мектеп-лицейде
   2021 жылдың 20 қыркүйегінде 20 мектеп-лицейде "Тәуелсіздік жетістіктері" тақырыбында республикалық сынып сағаты өтті. Іс-шара “АДАМДАР ҮШІН ЖАСАМПАЗДЫҚ” атты басты идеясының белгісімен өтті.
   Іс-шараның мақсаты - қазақстандықтарды патриоттық сезімге тәрбиелеу, Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойының маңыздылығын және Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы рөлін ұғыну.
   Іс-шараның құрметті қонақтары:  ИнЕУ "Әлеуметтік-гуманитарлық білім беру және Қазақстан халқы Ассамблеясы" кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі Б.Д.Қайырбекова, "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" ММ коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы А.И. Мусинов, Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалық драма театрының актрисасы желтоқсан оқиғасына қатысушы Д.Ш.Құспан.
   Қонақтар лицеистерге тәуелсіз мемлекеттің қалыптасу жылдары туралы айтып, өздерінің өмірі мен қызметі, жеке өсуі, жетістіктері мен болашаққа жоспарлары туралы естеліктерімен бөлісті.
   Олар әлеуетті ашуға, өмір бойы білім берудің маңыздылығына, жастардың бәсекеге қабілеттілігі мен көшбасшылық қасиеттерін дамытуға баса назар аударды.
    Іс-шара белсенді диалог форматында өтті. Шақырылған қонақтардың өмірбаянынан алынған деректер балалардың қызығушылығын тудырды. Ең жиі қойылған сұрақ: "Сіз кәсіби қызметте қалай жетістікке жеттіңіз?»