Мектеп пән олимпиадасының қорытындылары шығарылды
№20 лицей-мектебінде бүгін күн жағымды жайттарымен басталды: мектеп пән олимпиадасынан ең жоғары нәтиже жинаған оқушылар Мадақтау қағаздарымен марапатталды. Биылғы жылы олимпиада қатысушылардың тізімі екі есе көбейді, себебі олимпиада екі кезеңнен тұрды және лицеистер өз білімдерін екі және үш пәнінен көрсете алды. Екі мадақтама қағазын алған оқушылардың да саны көбейді. Лицеистердің алдында жаңа кезең күтуде - қалалық деңгей.