Азаматтық қорғаныс күніне байланысты эстафета жарысы
13 наурыз күні №29 ЖОББМ азаматтық қорғаныс Күніне байланысты төтенше жағдай бойынша департамент ұйымдастыруымен қала мектептерінің арасында эстафета жарысы өткізілді.
Эстафета алдында халықты ғимараттан көшіру бойынша іс- әрекет түрлері көрсетілді, содан кейін оқушылар техникалармен және құтқарушының жабдықтарымен танысты.
Жарыс спорт залында және бірнеше кезеңдер бойынша өткізілді . Бозбалалар
жалпы әскери қорғаныс комплектісін және газқағар киіп, жарақат алғандарға тасымал арқылы көмек көрсетті, ал қыздар медициналық жәрдем көрсетті.
Бұл эстафета жарысында біздің №20 лицей - мектебінен қатысқан 10 сынып оқушыларының командасы 3- орынды иеленді.