Бүгін № 20 лицей-мектебінің оқушылары Павлодар қаласының «Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханаға» шағын мерекелік концерт өткізді. Мерекелік концерттің мақсаты қамқорлы болу, тағдырдың жазғаныменен жаралы болғандарға жәрдем беру, жас ұрпаққа адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл касиеттерді бойына дарыту.
Зағип оқушылар қоршаған ортаның күнделікті көңілге бөлемегендіктен, біздің шағын мерекелік концертіміз олардың жүректерінде жылулық, мейірімдік және мерекелік сезімдер оянғаны байқатты. 8 А сынып оқушысы Дмитриева Анастасия өзінің нәзік дауысымен «Жердегі бейбітшілік» өлеңімен шағын концертті бастады. Мәнерлеп оқудан 11 сынып оқушысы Киреева Айнұр Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңімен көрермендерді тамсандырды. Қазақтың төл домбырасымен 11 сынып оқушысы Болатбекқызы Ақбота « Балбырауын» күйін тамашаласа, ал би өнер жағынан 10К оқушысы Калиева Зарина « Толғау» биін мың бұралып, әсем көрініске баули білді.
Концерттің соңында көрермендер және сол арнайы кітапхананың жұмыс істейтін қызметкер өздерінің шын алғыстарын білдіртіп, өздерінің жылы лебіздерін айтты.