Дебат ойыны
2016 жылдың бесінші ақпанында №20 лицей-мектебінде «Ризашылық күн керек пе?» атты дебат ойыны өтті. Ойынның мақсаты: оқушыларды еркін сөйлеуге, өз ойын дәлелдей алуға, өз пікір тұжырымдап жеткізе алуға, сынды дұрыс қабылдай алуға баулу. Сабаққа 11 сынып оқушылары қатысты.
Сынып оқушылары өз білімдерін 6 телпек стратегиясы арқылы көрсетті. Алты түс бойынша өздерінің көңіл-күйлерін, тақырып бойынша көтерілген мәселеге деген көз-қарастарын білдіруге тырысты.
Әр телпектің мағынасын ашу үшін оқушылар 2-3-тен жұпқа бөлінді. Оқушылар жарыста жақсы нәтижеге қол жеткізді, әрі ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді. Барлық оқушыға белсенділіктеріне қарай номинация тағайындалды.