Сайыстың мақсаты: оқушыларды ана қадірін бағалап, отбасына деген сүйіспеншілік сезімін арттыруға бағытталды.
Бірінші бөлімінде 10 -11 сынып оқушылары, тапсырыстар бойынша өз өнерлерін көрсетті. Қатысушылар әдеби сөз өнерімен анаға деген асыл, ардақты сезімдерінбілдіріп,қазылар алқасын таңқалдырды.Олар Киреева Айнұр 11 К сынып оқушысы - 1 орын, Демчук Анастасия 11 А сынып оқушысы - 2 орын және Менцель Александр 11Б сынып оқушысы - 3 орын иегерлері атанды.
Ал 8 - 9 сынып оқушылары келесі номинациялар «Жүзден жүйрік»,«Өнерлі ұлан»,«Жас жыршы» арқылы марапатталып, «Менің анам», «Шеше, сен бақыттысың», «Ана жүрегі», «Анашым», «Ана туралы толғансам», «Әлемді тербеткен ана» әндер әлемін тамашалатты.
Мектеп фойесінде осы сайысқа арналған сурет көрмесі бейнеленді.