№20 лицей-мектебінде қарашаның тоғызында өткен жалпы мектептік ата-аналар жиналысы І тоқсанның қорытындысына арналды.
Мұғалімдер мен оқушылардың тоқсан бойы жасаған еңбектерінің жемісі мына цифрлардан көрінеді: 15 үздік, 140 жақсы оқитын оқушы.
Білім сапасы 71,7%, үлгерім 100% құрады. Жиналыс барысында 9,11 сынып оқушыларының ата-аналарына ҰБТ-ға, ОЖСБ-ға дайындық туралы кеңес берілді. Күн тәртібіндегі бұл сұрақ ата-аналар арасында қызу талқыланды.
Сол сияқты жалпы жиналыста:
- бүлдіргіш діни ағымдардың ықпалы жасөспірімнің психикасына, денсаулығына, физикалық жағдайына кері әсер ететіні туралы;
- жасөспірімдер арасындағы тәртіп бұзушылықты алдын алу туралы айтылды.
Ата-аналарға ҚР Қылмыстық және Әкімшілік заңдарының кейбір баптары түсіндірілді.
Ата-аналармен өткен жиын жыл ішінде өз жалғасын табады деп сенеміз.