Сенім телефоны
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Арғымақтай аласұрған жүрек» атты зияткерлік сайыстың қорытындысы
05-02-2021 16:27
«Арғымақтай аласұрған жүрек» атты зияткерлік сайыстың қорытындысы

«ЖАСЫН» танымдық - зияткерлік жобасы 2021 жылдың 31–қаңтары күні, сағат 15.00-де «Zoom» платформасында онлайн түрде өтті. «Арғымақтай аласұрған жүрек» атты сайыс ақын, тілтанушы, саясаткер, Қазақстанның Еңбек Ері Олжас Омарұлы Сүлейменовтың 80 жылдық мерейтойына арналды.Сайыстың мақсаты жас өрендерге арынды ақынның өмірімен таныстырып, шығармашылығынан хабар беру. Өнер мен әдебиетті сүюге баулу, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Ұлт тұлғаларын құрмет тұту. Сондай-ақ пандемияға байланысты үйде отырған балалардың көңіл-күйлерін көтеру. Шара «Біз біргеміз!», «Үйде болыңыз!» ұраны аясында өткізілді. Сайысқа Павлодар қаласының 2, 7, 12, 19, 22, 25 мектебінен жоғары сыныптың оқушылары қатысты. 2 – орынды мектебіміздің 9-сынып оқушысы Науразбекова Гүлсара иеленді. Шын жүректен құттықтаймыз!Жетекшісі - қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі Абылгазинова Құралай Ғазизовна!