Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің 9 «А» сынып оқушылары Окташ Дәрия мен Хамитов Амина «Елбасы медалі» медалімен марапатталды. «Елбасы медалі» жобасы - бұл 14 пен 29 жас аралығындағы жас және өршіл қазақстандықтарға арналған ең ірі жоба. Жобаға қатыса отырып, оқушылар жеті бағыт бойынша шеберліктерін шыңдады: спорт, дарындылықты дамыту, кітап оқу, ұлттық мұра, еріктілер, серуендеу және жұмыс тәжірибесі. Кезеңдер алты айға созылды, әр кезең өткен сайын қыздар баға жетпес тәжірибе жинады, мақсаттылықты көрсетті, өз іс-әрекеттерін жоспарлауға үйренді. Жобадағы әр қыздың өз тәлімгері болды, және бүкіл жоба бойынша қолдау көрсеткен идеологиялық шабыттандырушы 9 «А» сынып жетекшісі, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бейсенова Раушан Кеңесбайқызы болды. Жобаға қатысу қыздарға өз-өзіне деген сенімділік сезімін және шығармашылық бағытта дамуына мотивация берді.
Құттықтаймыз!!!