Наурыз мейрамына арналған "Жігіт сұлтаны" сайысы
16 наурыз күні Ұлыстың ұлы күні- Наурыз мейрамына арналған 5-6 сынып ұлдарының арасында "Жігіт сұлтаны " атты сайыс өтті. Сайысты жоғарғы сынып активистері жүргізді. Бұл жарысқа 9 оқушы қатысып, өздерінің өнерлерін көрсетті. Сайыс 4 кезеңнен құрылды:
-таныстыру
-өз өнерін көрсету
-сұрақ-жауап
-салт-дәстүр көрсету. Сайыс қорытындысы бойынша І-орынға 5 В сынып оқушысы Мұхамедәли ие болды , ІІ-орынға 5 А ынып оқушысы Бахтияр ие болса, 3-орынға 5Е сынып оқушысы ие болды. Барлық қатысушылар номинациялар бойынша марапатталды.