Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Наурыз мейрамы!
28-03-2011 05:29

 22 наурыз  Ұлыстың ұлы күні біздің мектебімізде  Наурыз мерекесі жоғары дәрежеде өтті. 6 қанатты киіз үй тігіліп,  жан-жағына  декларациялар мен  Наурыз тойына арналған  оқушылар   жасаған қол өнер көрмесі ұсынылды. Көрмеде  , киіз үй макеттері, матадан, моңшақтан жасалған қазақ батырларының суреттері мен мүсіндері қойылды. №5 мөлтек аудан тұрғындары көріп таңырқап мектептің  «Шебер қол» үйірмесі жоғары деңгейде екенін айта кетті. 

 

Бұл Наурыз тойына №5 мөлтек ауданы бойынша 1564 халық жиналды. Сонымен қатар құрметті де, қадірлі  30  соғыс және еңбек ардагерлері де болды. Ардагер  Яресько Михаил Иванович халықты  Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап,  халқымызға тыныштық, елімізіге береке- бірлік тіледі.

Ардагерлер мен шақырылған қонақтарға  киіз үйде құрмет көрсетілді. Халқымыздың дәстүрі бойынша ақын жігітіміз Каргожин Ардақ келген қонақтармен сәлемдесе отырып, тілектерін қасиетті қос шекті домбыраның үнімен жеткізді. Ардагерлерге ас беріліп, Наурыз көжеден дәм татылды. Ардагерлердің көңілдері көтеріліп, ризашылықтарын білдірді.

Сағат 14.00-16.00 аралығында мектеп оқушылары өз өнерлерін ортаға салып, халыққа мерекелік концерттік бағдарламасын ұсынды. Жиналған қауым би билеп, мұғалімдер ұжымы дайындаған ұлттық тағамдардан дәм татты.  Сонымен қатар "алтыбақан"  аясында жастар көңіл көтеріп,  ұлттық ойындарға белсене қатысты.