Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Педагогикалық Кеңес өткізілді
20-05-2021 16:55
Педагогикалық Кеңес өткізілді

     Педагог қызметкерлердің қатысуымен педагогикалық Кеңес өткізілді. Күн тәртібіндегі бірінші сұрақ бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ахметова Мира Мухаметкановна 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 5- бабының 14) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 5 мамырдағы «2020-2021 оқу жылының аяқталу және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралы» №203 бұйрығымен және 9,11 - сыныптардың білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерімен таныстырды. Екінші сұрақ бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Майбасова Гульнар Олжабаевна білім сапасын арттыру және пандемия, шектеу шаралары кезіңінде жіберілген білім олқылықтарының орнын толтыру мақсатында 1-10 сынып оқушыларына 26 мамыр мен 19 маусым аралығындағы Жазғы мектеп жұмысының ұйымдастырылуы, мектепішілік бұйрық пен жұмыс жоспарын, сыныптардың жинақталуы, келетін оқушылардың санын, оқытылатын пәндерді, сабақ уақытын түсіндірді. Білім және ғылым министрлігінің «Жазғы мектеп жұмысын ұйымдастыру» ұсыныстары берілген таныстырылымын, оқушылар біліміндегі олқылықтарды жою мақсатында практикалық жұмыс үшін пән бойынша қиын бөлімдердің, тақырыптардың тізіміміен таныстырды. Үшінші сұрақ бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Рысбек Естай бейінді лагерь жұмысының ұйымдастырылуы жөнінде және жұмыс жоспарымен таныстырды.