Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, улица Академика Чокина 27
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда: 16.00-18.00 Четверг: 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Общереспубликанское родительское собрание
24-05-2021 07:14
Общереспубликанское родительское собрание
    22 мамыр 2021 жыл Жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысын өткізу тұжырымдамасы аясында Б.Момышұлы ат.ЖОББ мектебінде ата-аналармен кездесулер ұйымдастырылды.
Тақырыбы: "Оқу жылының қорытындысы туралы".
Ата-аналар жиналысының мақсаты: ата-аналарды  2020-2021 оқу жылының қорытындылары туралы хабардар ету. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты: онлайн түрде өтті.
Кездесу барысында әрбір ата-ана барлық педагогтермен кездесіп, өзінің баласы туралы толық ақпаратты, оның пәндер бойынша үлгерімін, сабаққа қатысуын, сондай-ақ жетістіктері туралы ақпарат ала алды.
Ата-аналармен онлайн жиналыс екі бөлімге бөлінді.
 1) сынып жетекшінің баяндамасы ( мәселелерін талқылау: 2020-2021 оқу жылының қорытындылары, оқу жылының соңындағы іс-шаралар (соңғы қоңырау, мектеп бітіру кеші), жазғы мектеп жұмысын ұйымдастыру, мектеп формасы мәселелері және т.б.).
2 бөлім - баланың үлгерімін толық талдауға мүмкіндік беретін ата-ана мен мұғалімнің жеке сөйлесуі.
Ата-аналар мұғалімдерден  баласының  пән бойынша үлгерімі, оның сабақтағы мінез-құлқы және т.б. туралы өз сұрақтарын қойды. Педагогтер ата-аналардың сұрақтарына өздерінің педагогикалық бақылауларына, оқушының қазіргі үлгерімі мен төртінші жиынтық бағалаудың нәтижелері бойынша жауап берді.