Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Республикалық «Тәуелсіздік жетістігі» атты сынып сағаттары өтті.
21-09-2021 10:52
Республикалық «Тәуелсіздік жетістігі»  атты сынып сағаттары өтті.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылды – Тәуелсіздіктің 30 жылдығы жылы деп жариялады.  Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы – бұл біздің жетістіктерімізді саралап, келешекке тың серпінмен қадам басудың нақты мақсаттарын айқындаудың мүмкіндігі.
 
Осыған орай 20 қыркүйек күні Павлодар қаласы Б. Момышұлы атындағы ЖОББ мектебінде «Тәуелсіздік жетістігі»  атты сынып сағаттары өтті. Ал
10 "В"-сынып оқушыларының қатысуымен  арнайы қонақтармен ашық тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты — Тәуелсіздіктің 30 жылдық 
мерейтойының маңыздылығын және Қазақстанның Тұңғыш Президенті – 
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы 
рөлін ұғыну арқылы қазақстандықтардың патриоттық сезімін күшейту.
Кеш қонақтары:  
1) Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқарма басшысы - Бегалинова Самал Балгабаевна.
 2) Қисатова Салтанат Тасболатқызы- Халықаралық конкурстардың лауреаты, Обл.И.Байзақов ат.филармония әртісi, кәсіби термеші, күйші,әнші. 
 3)  «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының басшысы- Болат Заут
 
Оқушылар көкейкесті сұрақтарын қойып,  тағылымды іс-шарадан ұлттық рухтарын жаңғыртып әсерлі шықты.