"Көктемгі ігілік апталығы" акциясы аясында 9 "В" сынып оқушылары мен сынып жетекшілері Тұрсұнқұлова Жанаргүл Камшетқызы М.М. "Балаларға арналған баспанада " болып қайтты.
"Ойын- ақыл қосады, бой жазады" деген бағдарламамен бардық. Бағдарламада кішкентай бауыр-сіңілерімізге ойындар, сыйлықтар апарып, олардың өнеріне, ана тіліне деген құштарлықтарына риза болып қайттық. Ойындар: "жұмбақтар, салт-дәстүр еліне саяхат" бұл бөлімде бүлдіршіндер өздерінің білімдерін көрсетті.
"Молекула" ойынында жылдамдық пен тез ойлай білетіндерін көрсетсе, "Ұтыс" ойынында әр сыйлықты өз өнерлерін көрсету арқылы ұтып алды. Балалар кішіпейіл, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететіндерін байқатты. Еліміздегі әрбір бүлдіршін балалық шағын бақытты және ата- анасымен бірге өткізсе екен...