«Орыс тілінің інжу-маржандары» атты тұрақты сөз тіркестерінің білгірлер сайысы
22 қараша күні Б.Момышұлы атындағы мектепте 7-сынып оқушылары арасында орыс тілі мен әдебиеті он күндігі аясында «Орыс тілінің інжу-маржандары» атты тұрақты сөз тіркестерінің білгірлер сайысы өтті. (Мұғалім: Кидралинова Б.Қ.). Қатысушылар «Фразеология русского языка» тақырыбында өз білімдерін көрсетті. Байқауда қатысушыларға қызықты тапсырмалар ұсынылды: тұрақты сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіру, олардың шығу тарихын айту, тұрақты сөз тіркестерінің сурет таңдау, тұрақты сөз тіркестерін пайдаланып әңгіме құрастыру т.б.
Сайыста 7 сынып командалары осы тақырып бойынша өздерінің шығармашылық қабілеттерін және тамаша білімдерін көрсетті. Жеңімпаз командаларға тәтті сыйлықтар табыс етілді