Мектебіміздің "Аққу" қыздар клубы мүшелері 8 сынып оқушылары, Нуриден Анель, Дүйсенбай Айсұлу, Қайырболат Аққу Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының мүшесі Елена Семидоцкихпен М.Катаев атындағы Павлодар қаласының оқушылар сарайында өткізген кездесуіне қатысты.
- Осы іс-шараға қатысып отырғаныма өте қуаныштымын. Қыздарға арналған осындай клубтың бар екені қуантады. Еліміздің болашағы қазір қандай жұмыс атқарғанымызға байланысты. Сіздер болашақ аналарымыздың психикалық және репродуктивті денсаулығын сақтау үшін жақсы жұмыс жасаудасыздар, өйткені бұл өте маңызды мәселе- деді, Елена Александровна.
"Аққу" қыздар клубы мүшелері мақсат-бағыттарын айқындап, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Клуб жетекшісі: Сейтова Н.Д.
Мектебіміздің "Аққу" қыздар клубы мүшелері Елена Семидоцкихтің кездесуіне қатысты.