Сенім телефоны
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
АСЫҚ АТУДАН ЕУРАЗИЯ КУБОГЫ Түркия, Анталия қаласы 29 қаңтар-4 ақпан 2023 жыл
07-02-2023 11:11
АСЫҚ АТУДАН ЕУРАЗИЯ КУБОГЫ Түркия, Анталия қаласы 29 қаңтар-4 ақпан 2023 жыл

АСЫҚ АТУДАН ЕУРАЗИЯ КУБОГЫ
Түркия, Анталия қаласы
29 қаңтар-4 ақпан 2023 жыл

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ –
ЕУРАЗИЯ КУБОГЫНЫҢ ИЕГЕРІ!

3 ақпан күні Түркияның Анталия қаласында Асық ату мен тоғызқұмалақтан Еуразия кубогы мәресіне жетті. Қазақстан, Қырғызстан, Германия, Чехия, Румыния және Түркиядан жиналған асықшылар арасындағы дүбірлі дода аса тартысты өтіп, жеңімпаздар соңғы сәтте ғана анықталды.
Асық атудан құрамында Еркебай Сәрсеков, Тимур Әбілов, Қалибек Қуан бар «Қазақстан-1» командасы қарсылас шақ келтірмей жеңімпаз атанса, Қырғызстан құрамасы екінші орыннан көрінді. Саят Қизат, Алмас Жармағамбетовтер өнер көрсеткен «Қазақстан-2» командасы үшінші орынға ие болды. «Қазақстан-3» командасы (Қайрат Жетпісов пен Қуат Бораналин) жақсы ойын көрсеткені үшін арнайы алғыс хатпен марапатталды.
Бес асықтан құрамында Азия чемпионатының жүлдегері Сәния Зейкенова мен Мереке Шанабай бар «Қазақстан-1» командасы Еуразия кубогына ие болса, Мерей Сүлеймен мен Көгершін Думандардан құралған «Қазақстан-2» мен Түркия командалары екінші-үшінші орындарды өзара бөлісті.
Асықшыларымыздың халықаралық додадағы жеңісі құтты болсын! Ұлттық ойынымыз осылай әлемге таныла берсін!