Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Адрес: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
"Денсаулық фестивалі-2011"
13-09-2011 12:00

 

2011 жылдың 10-қыркүйегінде Денсаулық күніне байланысты мектепішілік бұйрық бойынша спорттық іс-шаралар өткізілді.

Мақсаты:  Салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене шынықтырумен айналысу, дене шынықтыру пәніне оқушылардың  қызығушылықтарын ояту.

Жалпы бұл шараға 2-11 сынып оқушылары қатысты. 2-5 сыныптар бойынша қамтылған оқушылар саны : 600;  6-11  сыныптар бойынша қамтылған оқушылар саны: 412.

2-5 сыныптарға арналған спорттық шаралар мектеп алаңында өтті. 8 сынып оқушылары Ертіс өзенінің жағажайында өткен қалалық шараға қатысты. 6, 7,9,10,11  сынып оқушылары мен мұғалімдері Усолка шағын мөлтек ауданындағы жағажайға саяхатқа шықты. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері құрастырған жоспар бойынша 2-5 сыныптар арасында таза ауа аясында  «Көңілді эстафета», «Станциялық ойындар», «Эстафеталық жүгіріс», «Қиындықтарды өтеу»  атты шаралар өтті. Ал 6-11 сыныптар жағажай жаңында «Көңілді старт», волейбол, арқан тартысу, футбол, армреслинг, эстафеталық жүгіру сияқты ойындарға қатысты. Оқушылар көтеріңкі көңіл-күймен оралып, жақсы демалды.