Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Кітапхана – ғажайып қазына
29-11-2012 03:20
Кітапхана – ғажайып қазына

Мақсаты: Жалпы кітаптың шығу тарихы жайлы түсінік беріп,кітаптыоқулықты күтіп ұстауларын, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру.Кітапхана жайлы түсінік беріп,картотекалармен жұмысты қалай істеу керектіктерін және сөздіктерді, энциклопедияларды  құнды кітаптар деген қандай кітаптар оларды  қалай қолданулары жайлы мағлұмат беру.

Көрнекілік: кітап көрмесі: «Кітап  - өлмейтін дүние» 11- кітап, 4-сөздік, 2-энциклопедия.Кітап жайлы қанатты сөздер.Алғашқы шыққан қағаздар суреті.Құнды кітаптар.

Барысы: Сұрақтар арқылы оқушыларға тапсырма беру.

1.Әр түрлі авторларды жазушы, билер, хандар, спортсмендер т.б энциклопедиялардан жылдам табу.

2.Кім не біледі? (картотека жайлы түсініктерін ортаға салу)

3.Кітапханада керек кітабымыздың бар екенін бірінші қайдан білеміз?(картотекадан)

4.Керек тақырыпты қай журналдан қарайтынымызды қалай табамыз? (әдістемелік  картотекадан)

5.Қандай кітаптар үйге берілмейді? (Құнды кітаптар мен энциклопедиялар және  сөздіктер)

6.Кітапханамызда қандай картотекалар   бар екенін білесіңдер?(Алфавиттік,жүйелі,әдістемелік,оқулықтар картотекасы)

Қызықты деректер .Әлемдегі ең ауыр кітап жайлы.Бұл жан азығы аспан асты Қытай еліндегі Будда Ғибадатханаларының бірінде сақтаулы тұр. Кітаптың 14300 тастан жасалған парағы бар, ал салмағы 115 тонна.Кітапта 35 милионнан аса иероглифтер бейнеленген .Әлемдегі ең ауыр кітаптың тарихы сонау Қытай елінің аумалы – төкпелі, қиын – қыстау заманы, яғни біздің дәуірімізге деінгі 605 жылдан басталады екен. Кезінде өздерінің тұрақсыз тірліктеріне себепкер осы кітап деген оймен Қытай билеушілері мұның көзін құртуға тырысқан.Әйтсе де ғибадатхана қожасы бұл қасиетті жазбаларды қызғыштай қорып, ақырында тас тақташаларға қашап, қалдыруға бекіткен. Ғибадатхана қызыметкерлерінің бұл игі ісі мың жылдан аса уақыт салып 1644 жыл толық аяқталыпты.Бір қызығы, бұл жұмысқа 16 мыңнан аса дін қызыметкерлері жұмылдырылған көрінеді.