Телефон доверия
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, улица Академика Чокина 27
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда: 16.00-18.00 Четверг: 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Теріс діни ағымдар уағызы – заңсыз уағыз
12-01-2013 04:50
Теріс діни ағымдар уағызы – заңсыз уағыз

 Теріс діни ағымдар уағызы – заңсыз уағыз

Мақсаты:Білімдік- рухани адамгершілік құндылықтарды зерделей отырып теріс ағымдарға бағытталған қөзқарастардан бас тартуға, өзіндік дұрыс бағдарын таңдауға ықпал жасау:

Тәрбиелік – оқушы бойындағы ақпараттық зияткерлік ресурстарды өз бетінше тауып, талдап және пайдалана білетін адамгершілік идеяларын қуат көзі болатын жеке тұлға тәрбиелеу:

Дамытушылық – дәстүрлі емес дінінің түрлі ағымдарынан сақтандыру, ұлттық діни бірлестікті сақтауда оқушылардың сауаттылығын арттыру.

Көрнекілік:Кітап көрмесі «Ел мен дін мұраты –ынтымақ пен бірлік»

Сұрақтар:Діни ағымдар деген не?

Теріс ағымдарға заң не дейді?

Бізідң елімізде қандай ағымдар кездеседі?

Ағымдар туралы Ислам не дейді?

Осы сұрақтардың жауабын толығымен оқушылаға түсінік беру.

Кіріспе 1-бөлім Руханият.

Ислам дінінде зорлық –зомбылық жоқ.Ислам діні сенім бостандығының кепілі дер едім. Себебі тарихтан білетініміздей мұсұлмандар билеген елдерде өз халықтарын түгелдей зорлықпен Ислам дініне ауыстыру әрекеті болмаған.Кейбір адамдар «Ислам  діні кертарпа, демократияға сәйкес келмейді, ұштаспайды» деген пікірлер айтады.Мен айтар едім нағыз демократия Исламда.Мысалы, ел билеу ісіне Құран Кәрім насихаттайтын маңызды екі қағида бар.Бірінші қағида – билікті сайлау,екінші қағида – ел басқаруда кеңесу. Осыдан біздің дініміздің орыны ерекше дер едім.

Шынай мұсұлман әділетсіздікті көре тұра бұғып қалмай, шындық жолында тайсалмай батыл болады.Игі істер жасайды.Ислам діні жағымсыз қаракет жасап, жаңсақ басқан адамды жұрттың көзігше жер – жебіріне жетіп сөккен емес.

 

 

2 –бөлім Абайла, адасу!

Өзге елден келен теріс жолды насихатташылар елімізде көбеюде. Ұлтымыздың салт – дәстүріне қарама-  қайшы пікірлер айтылады. Ислам дінін жамылып ислам құндылықтардың жоққа шығарып шет елден келген секта миссионеолері өздерінің қара ойларын іске асыруда. Олардың саны өкінішке қарай көбеюде.Олар жастар мен мектеп жасындағы балаларды теріс бағытқа тәрбиелеуде.Исламдағы теріс діни ағымдардың кесірінен қасиетті Ислам дінінің қазіргі заманда экстремизм, террор діні  саналуы қынжылтады.

Исламдағы ағымдар туралы оқушылардың айтқан пікірлері

«Салафиттер»немесе салафилер 7 шелпек пісіруге, бейіт басына баруға, ата – баба басында Құран бағыштауға қарсы. Атырау қаласында кең тараған.»Салафи» сөзі Құранның бірнеше жерінде кездеседі.Негізінен «алдыңғы өткендер»,»бұрынғылар» деген мағынаны береді.Ал қазіргі заманның салафилерінің іс – әрекеттері Құран Аяттарын өз беттерінше өзгертіп алған.

«Такфиршілер» ұйымы. Олар өздерінің таза мұсұлмандар санап, өзгелерді кәпірге есептейді екен.Египетте бастау алған бұл ағым өзге мұсұлмандармен араласпайды, мешітке бармайды.Мұсұлмандар арасында жік салушы.Мемлекеттің  саяси бағытын қабылдамайды.Олар дін ақиқатын білуге талпынбайды.Ағым мұсұлмандар арасында ірткі салып,олардың бірлік – ынтымағын бұзуға тырысады.Дау – жанжал туғызу арқылы мемлекеттің саясм эканомикалық  бағдарламасы нығаюына кері ықпал жасайды.

«Таза ислам» деп аталатын діни ағым өкілдерінің ниеттері – ұстамдылық пен Алладан қорқушылық қағидаларын аяқ асты етіп,Исламға жат жоспарларын жүзеге асыру.Олар  адам  ұрлаумен, қарақшылықпен айналысады.Осындай 7 адамнан тұратын топ 2008 жылдың желтоқсан айында ұсталған екен.

«Таблиғ  жамағаты». Нақты тұжұрым жасасақ, бұл «дін уағыздаушы топ» деген ұғымды білдіреді.Олардың екінші бір ата – «Дағуашылар», қазақшалағанда үгіт, насихат жүргізу, шақыру.

Олар Ислам дінін өздері құрған ереже бойынша насихаттайды.Өздерін саясаттан бөлек ұстайды.Сақал қойып, ұзын көйлек киеді.Туған күнге, қайтыс болған адамның жетісіне, қырқына,  жылына бармайды.Көптеген мұсұлман мемлекеттері бұл ұйымның іс – әрекетіне тыйым салынған.

 

«Нұршылар жамағаты» Түркияда пайда болған.

Ұйымның мақсаты – мелекет әкімшілігіне қарсы шығатын діни фанат адамдар тәрбиелеу.Бұл ағым елімізге 1992 жылдан бері келе бастаған.Өздері басып шығарған уағыз парақшаларын тарату арқылы қатарларын толықтыруға тырысады.

«Қадиян тобы» Үндістанда пайда болған. Адасқан ағымдардың бірі Мұсұлмандарды діннен  аластату мақсатында пайда болған. Отанды қорғауды қажет деп есептемейді.Зиянды, жағымсыз  әдеттермен айналысуға, сатуға, қолдануға рұхсат береді.

«Хизбут-Тахрир» партиясы. Саясатқа бет бұрып мұсұлмандар арасында жан – жақты идеологиялық күресті күшейтіп, төңкеріс арқылы билікке қол жеткізуді көздейді.Хизбутшылар  мемлекеттік шекараны мойындамайды.

Олардың мақсаты:

1.Бейбіт жақтан мемлекеттерге азамат соғысын ұйымдастыру;

2.Мемлекеттің эканомикасын құлдырату;

3.Ұлтаралық, дінаралық бүліктер туғызу;

4.Мемлекеттерге қару –жарақ есірткі заттарын тасымалдап апару. Ағым мүшелері біздің елімізде де кездеседі.Олар Ислам атын жамылып өз мақсатарын, жаман істерін жүргізушілер.Олардың аулақ болайық.

«Уаһһабилер» Сауд Арабиясында дүниеге келген.Мұхаммед ибин Абдулуаһһаб деген адам  астыртын жіберілген ағылшын тыңшылармен байланыстырып. Солардың ақыл – кеңесімен «Уаһһабия»  деген ағымның белгілері;

1.Мемлекет заңдарына бағынбайды:

2.Пайғамбарымыздың кейбір хадистерін мойындайды:

3.Әулиелерге зиярат жасауға болмайды деп есептейді және дұға еткенде қол жаймайды:

4.Садақа беруге мүлдем қарсы, мешітке кіріп намаз оқымайды:

5.Мемлекеттің тәуелсіздігіне нұқсан келтіреді.

Өкінішке орай біздің облысымзда осы қауіпті ағым жолын ұстанушылар кездеседі.Олар ата – аналары силамайды.Туыстарымен қатынаспайды.Бұл ағымда Ислам өркениетінің күш алып кетуінен қорыққан еуропалықтардың әрекеті бар.

«Секталар»«Иегова куәгерлері», кришнайттер,саентологтар,мунистер, баптистер.Олар дін жолын табыстың көзіне айналдырғандар.Күллі әлемді евангелиендіру саясатымен  Америкадан әлемнің түкпір – түкпіріне мыңдаған миссионерлер жөнелтуде.

Секта – Орталық шіркеу немесе мешіттен бөлектенген діни топ, қауым,бас пайдасы, жеке мүддесі үшін халықтан қол үзген топ.

Теріс бағыттағы діни ағымдардың мақсаты

1.Басқа діндерге нұқсан келтіру, адамдарға деген жиіркенішті сезім тудыруды уағыздау.

2.Адам ойына үстемдік жүргізу.

3.Мемлекеттің,отбаының бірлігін, тыныштығын бұзу.

4.Халықтың патриоттық қатынастарын бұзу.

5.Мемлекеттің тәуелсіздігіне нұсқан келтіру және мемлекет заңдарына бағынбау.

Саентологиядеген не?

Бұл өз мүшелерінен ақша сұрауды мақсат қоятын сектаның бірі. Американдық  Рон  Хаббардпен  негізгі қаланған бизнес – құрылым.Олардың сырт көзге білінбейтін гипнозбен,зомбыландырумен адамда ішкі психологиялық сәттілік сезімі пайда болады. Сектаға тартылған адамдардың психологиялық күйі күннен күнге асқына береді.Нәтижесінде психиканың ауыр бұзылуына алып келеді.Сентология ілімдерін қолданатын бизнес – мектептері:»Дианетика»,»Нарконон»,»Кримиан», «Рубикон»,»Пеформия»

3 – бөлім  « Дін және заң»

«Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заңнан үзінді

Мемлекеттік  билікке діни бірлестіктердің араласуына жол берілмейді.

Мемлекеттік органдар діни бірлестктердің қызметіне заңсыз араласа алмайды.

Діни бірлестіктерге партия ретінде құрылуына жол берілмейді.

Мемлекет діни бірлестіктерді қаржыландырмайды.

Белгілі бір дінді мемлекеттің білім бағдарламаларыны арнайы пән ретінде енгізуге болмайды.

Білім беру орындарында дінтану пәндері танымдылық негізде өткізілуі мүмкін.

«Дарс Салам» діни бірлестігінің еліміздегі іс – әрекеті сот шешімімен заңсыз деп танылып, бірлестік, бірлестік жұмысы тоқтатылады.Сондай –ақ «Грейс» евангелді – христиан миссионерлік діни бірлестігінің жетекшісі 14 – жылға бас бостандығынан айырылды.

4. Дін және уақыт

«Ел мен дін мұраты –ынтымақ  пен бірлік»

Тоғыз інжу әдісі.

Теріс бағыттағы діни ағымдар....

Елдің тәуелсіздігіне қарсы бағытталған әрекет.

Әрбір адам абай болатын аса қауіпті бағыт.

Заманның жаңа ағымының туындаған бағыттар.

Діни сауаты бар адамдардың мазасыздануына тұрарлық мәселе емес.

Мектеп оқушылары үшін аса қауіпті.

Ұлтты ұлт ретінде мойындамайды.

Мың жылдан бері ұстанып келе жатқан ата – бабамыздың дәстүрлері діни жоққа шығармайық!

Ислам діні бейбітшілікті дәріптейтін бірлік діні екендігін ұмытпайық!

Дін дененіміз – ұлы сенім, ғылым анасы.Ал сенім – адамзаттың тірегі.

Әрбір ұрпақ келесі өзінен кейінгі ұрпаққа ізетті, игілігі мол жақсы өмір жолын тастап кетуі ләзім екендігін есімізде ұстайық!

 

 

 

Көкірегіңе түйіп ал!

Мың жылдан бері ұстанып келе жатқан ата  - бабамыздың дәстүрлі дінін жоққа шығармайық!

 

Ислам діні бейбітшілікті дәріптейтін бірлік діні екендігн ұмытпайық!

 

Дін дегеніміз –ұлы сенім,ғылым анасы

.Ал сенім – адамзаттың тірегі.

 

Әрбір ұрпақ келесі өзінен кейінгі ұрпаққа ізетті, игілігі мол жақсы өмір жолын тастап кетуі ләзім екендігін есімізде ұстайық!

 

 

 

 

 

 Теріс діни ағымдар уағызы-

           заңсыз уағыз

             (әдеби шолу)

 

 

 

 

 

                                                                   

                                      Павлодар қаласы ЖОМ №22                                 

                                      Кітапхана меңгерушісі: С.Қ Әміренова