«Әжелер кеңесі»
Павлодар қаласы №22 жалпы орта білім беру мектебінің 7 «В» сыныбында «Әжелер кеңесі» үйірмесінің кезекті отырысы болды. Мұнда қыз бала тәрбиесіне қатысты түрлі тақырыптарда дөңгелек үстел ұйымдастырылады. Қыздармен болған әжеміз, Бексейітова Шайжан, қыздарға ақыл-кеңес айтып, өзіне қойылған сұрақтарға жауап берді. Басты қарастырылған мәселе – жас өспірімдердің ана тілін құрметтеу.