«Қош бол, құтты әліппем!»
1 «А» сыныбында «Қош бол, құтты әліппем!» атты ертеңгілік өтті. Ертеңгілікке мектеп әкімшілгі мен ата-аналар, қонақтар қатысты. Ертеңгілік жоғары дәрежеде өтіп, ата-аналар балаларының әліппе кезеңінде не үйреніп, не тоқығандарын көздерімен көріп, құлақтарымен естіп, балаларының өнерлеріне риза болды. Ата-аналар тарапынан жергілікті телеарна шақыртылып, облыстық «Қазақстан Павлодар» эфирінде көрсетілді. Қорғожа Қайсардың әкесі радиодан ата-аналардан сұхбат алып, жаңалықтар хабарында берілді. Кеш соңында жылтырауық шашылып, суретке түсумен аяқталды.