Сенім телефоны
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Тіл - ұлттық белгі, халықтық мұра»
25-09-2013 08:54
«Тіл -  ұлттық белгі, халықтық мұра»

Тілдер мерекесі қарсаңында мектебімізде «Тіл -  ұлттық белгі, халықтық мұра» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Мақсаты - Елбасы бағдарлап берген межелерге жету жолдарын талқылауға салу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемелекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау. Мерекемізге Облыстық тілдер басқармасынан Жолшыбекова Жібек Нұрсейітқызы, елімізге белгілі ұстаз Василий Николаевич Илющенко, ата-аналар қауымынан  Тутенова Ботагөз Қанешовна, «Шешендікке баулу» клубының жетекшісі Жабықбаев Шекербек Айтқалиұлы, ИнеУ-дің қазақ тілі және әдебиет мамандығының студенті Асылбеков Жүсіп қатысты.

Дөңгелек үстелде оқушылар тіл туралы өз ойларын ортаға салып, осы уақытқа дейін ойландырып жүрген мәселенің шешімін тапты. Бұл күнгі кеш өзінің мақсатына жетті. Қазақ тілінің болашағын кеңейтуге зор ықпал етті. Бұл кешті ұйымдастырған қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің ұстаздары Куниязова Райхан Садуақасқызы мен Уалиханова Нағима Маулетқызына алғысымыз шексіз!