«Тәрбие-отбасынан басталады»
Желтоқсанның 21 күні мектебімізде «Тәрбие-отбасынан басталады» атты семинар болып өтті. Семинардың мақсаты: бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу. Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.