Сенім телефоны
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты республикалық он күндік
07-02-2014 04:29
 «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты республикалық он күндік

  «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты республикалық он күндік №22 жалпы орта білім беру мектебінде  белгілі құрылған жоспар төңірегінде жоғарғы қарқынмен өтіп жатыр.

  Кеше 6 ақпан күні 6 «А» сыныбында « Мейірімді жан» деген атпен танымдық  сағаты өтті. Сабақта оқушылар «Бөбек» қорының төрайымы Сара Алпысқызы  туралы видеофильмді тамашалады.Бүгінде балаларға қуанышын сыйлап жүрген балажан адамның жасап жүрген жақсылықтарына ризашылықтарын білдірді. Сонымен бірге кеудесі мейірімге толы жанға деген ыстық лебіздерін айтып,  топтарымен біреулері құттықтау жазса, енді біреулері сыйлықтарын сурет түрінде салып, кейбіреулері Алғыс хаттарын жолдап жатты. Бұл сабаққа қатысқан ұстаздар шәкірттерінің жауаптарын таңырқап, бір керемет қуанышқа бөленді. Сабақты өткізген өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Р.С.Куниязоваға рахметімізді білдіреміз.