Тілдер апталығы
Оқушылар топқа бөлініп, шығармаға композициялық талдау жасап, Аянға мінездеме бере отырып, жетім балалардың тағдыры жайлы өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар 5 «Д» сынып оқушылары өлең оқып, би билеп, күй тартып өз өнерлерін көрсетті. Танымды сағатты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері: Мухамедеева Рита Гиноталловна мен Тұрсынқұлова Жанаргүл Камшетқызы өткізді.