Сенім телефоны
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қарттар күні 3 "Е" сынып ардагерлерін құттықтады
01-10-2014 05:26
Қарттар күні 3

Қарттарым – асыл қазынам

1 қазан – халықаралық қарттар күніне орай №22 жалпы орта білім беру мектебінің 3 «е» сыныбында «Қарттарым – асыл қазынам» атты кездесу кеші өтті. Мерекенің ұйымдастырылу себебіне орай сынып іші безендіріліп, қонақтарға ыңғайластырылған, «Қарты бардың – қазынасы бар», «Ата-анаңды құрметтесең, сен де сондай игілік көресің» сияқты қанатты сөздер ілінген. Бұл кешке оқушылардың әжелері қонаққа келді. Мұғалімнің бағыт-бағдар беруімен сынып балалары бұл мерекеге өздері ізденіп, даярланып, концерттің өту барысында оқушылар мұғалімнің көмегіне жүгінбестен, барлығын өздері ұйымдастырды. Жасұланова Мерей мен Рахимов Аруан концертте жүргізуші болып, бар сыныпты бір арнаға бағыттап отырды. Сынып оқушылары әжелеріне арнап әсем әндерін шырқап, таза бала көңілден, шын жүректен шыққан өлеңдерін оқып берді. Әжелеріне арнайы дайындаған сұрақтарын қойып, жауап алды: «Балаға берілетін адамгершілік білім дегеніміз не?», «Адамгершілік білімін қашан, қай уақытта бастауға болады?», «Қазіргі жастардың тәрбиесіндегі олқылықтарға кімді кінәләр едіңіз?». Әжелер өте қызығушылықпен жауап беріп, балаларға орынды сұрақтары үшін риза болды. Балалар әжелеріне жүректен шыққан тілектерін айтып, олардың жүздеріне бақыт күлкісін сыйлады. Тек бұл ғана емес, кеш соңында оқушылар дайындаған кішігірім сыйлықтарын табыстап, естелік үшін фотосуретке түсті. Мерей мен Аруан бастаған «е» сыныбы мерекелік кешті өте жақсы өткізіп, өз дарындылықтарын көрсетті. Білімдерімен, сүйкімділіктерімен әрі шығармашылықтарымен әжелерін бақытқа бөледі. Балалар да құр қол қалған жоқ, қариялар оларға өз тілектерін айтып, алғыстарын білдіріп, батасын берді. Кеш соңында оқушылар әжелерімен бірге аулаға шығып, тілектерін айтып, шарларды ұшырды.