Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Адрес: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні
29-11-2014 11:14
1 желтоқсан  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні

Павлодар  қаласының  №22 жалпы орта білім беру мектебінде қоғамдық пәндер әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен  қарашаның 28-ші жұлдызында  "Нұрлы жол" – «Мәңгілік елге» жол»   тақырыбында  5-10   сыныптар   арасында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Тәрбие сағаты барысында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі жайлы оқушылар толық мағлұмат алып, Елбасының  ел тарихындағы еңбегінің арқасында еліміздің  көркейіп келе жатқандығы сөз болды.Биылғы Елбасы Жолдауының білім саласы қызметкерлері үшін де орны ерекше болды. Президент дәстүрлі Жолдауында «Мәңгілік ел» қағидасына айрықша көңіл бөлуі тегін емес. «Нұрлы жол» даму бағыты аясында жастардың болашаққа деген сенімін айқындап, қажырлы еңбек ете отырып, келешекті кемел ету жолында жастардың үлесі зор екендігін баса айтты. Болашақта тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, қарыштап дамуы үшін сапалы білімі, саналы тәрбиесі бар отансүйгіш жастар ғана бар белесті бағындырары хақ. Біз ұстаздар қауымы әрдайым Көшбасшымыздың әр Жолдауынан тың серпін, жаңа бағыт-бағдар аламыз. Өскелең ұрпақтың Отанын сүйетін патриот болып өсуіне оң ықпалын тигізетін  бұл тәрбие сағаты оқушылардың көңілінен шықты.