Телефон доверия
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Адрес: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
"Білім мазмұнын жаңарту: критериалды бағалау" атты әдістемелік семинар өтті
04-11-2016 05:01
2016 жылдың 4 қараша күні Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы орта білім беру мектебінде Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында жаңартылған жалпы білім беру бағдарламасының құрылымы және оның ерекшеліктермен, педагогикалық әдістеме және бағалау тәсілдермен ұжымды таңыстыру мақсатымен "Білім мазмұнын жаңарту: критериалды бағалау" атты әдістемелік семинар өтті. Семинарды ұйымдастырған оқу ісі жөніндегі мектеп директорының орынбасары Ахметова Мира Мухаметкановна. Семинарды Ахметова М.М. кіріспе сөзбен ашып, тақырыппен таңыстырды. Сонымен қатар ұжымды практикалық жұмыс атқару мақсатымен 5 топқа бөлді: "Қалыптастырушы бағалау", "Жиынтық бағалау", Портфолио.Рубрика", "Спиральды оқыту", "Сабақ жоспары. Бағдарлама" . Ұстаздар топ бойынша әр кабинеттерге 20 минутқа бөлініп тақырыптар бойынша жұмыс жасады. Әр топ мүшелері атқарған жұмыстарын мәжіліс залында қорғап, семинар сонында қорытындылау жасап өтті. Мира Мухаметкановна семинарды қорыта келе "Осындай жұмыс тек 1сынып мұғалімдері емес, келесі жылдары 5,7 сыныптары енгізіле бастаған кезде бізге осындай жаңартылған жалпы білім беру бағдарламасымен жұмыс жасау тура келеді" деді. Әдістемелік семинар өз мақсатына жетіп, мектеп ұстаздары өздеріне қызықты және пайдалы кеңестер алды. "Арай" баспасөз орталығы img_3848 img_3849 img_3874 img_3864 img_3875 img_3881 img_3889 img_3905 img_3912 img_3922 img_3930 img_3940 img_3943