Эссе жазу талаптарына арналған семинар
17 қазан күні Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы орта білім беру мектебінің тіл мұғалімдеріне Инновациялық Еуразия университетінің профессоры Бейсембаев А.Р. "Методика обучения эссе. Технология формирования читательской деятельности" атты семинар ұйымдастырды. Семинар барысында Амангелді Ракишевич эссе туралы мәлімет беріп, жазу кезеңдерін айтып өтті. Эссе жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс талаптары, жазылу құрылымы, жиі кездесетін қателіктер мәселелері қатастырылды.