Берекелі де мерекелі де күздің күндері де келіп жетті. 13 -14 қазан күндері 5-9 сыныптар аралығында «Алтын күз» байқауы өтті. Байқау орны жақсы безендірілген, өз уақытында басталды. Осы мерекелік шараға барлық сынып оқушылары толық қатысты. Солардың ішінен жақсы дайындықпен келген оқушылар тиісті орындарға ие болды. Оқушылар жоғары дәрежеде дайындықпен келгендерін көрсете білді, яғни өздерін таныстыруда, күзгі салат дайындап көрсетуде және өз өнерлерін көрсетуде өте жақсы деп бағаланды.«Алтын күз» байқауы өз мәресіне жетті.