«Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» атты тілдер апталығы өтуде
Бауыржан Момышұлы атындағы № 22 жалпы орта білім беру мектебінде 19- 24 қыркүйек аралғында «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» атты тілдер апталығы өтуде. 1-күні «Мен, қазақ, қазақпын деп мақтанамын» деген атпен 5- 11 сынып оқушыларына арналған леземемен ашылды. Лездемеде апталықтың мақсаты, міндеттері айтылып, оқушылар ән мен күйден, жыр мен биден шашу шашты. Сонымен бірге әр сабақтың басында «Мәңгілік ел» идеяларын насихаттау мақсатында 5 минуттік дәрістер оқылды. ![2](/media/img/blogs/1246486940.jpg)