“ЕҢ ТАҢДАУЛЫ СЫНЫП-2016″ БАЙҚАУ ШЕҢБЕРІНДЕ «КЛАСС MALL» ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОЙЫНЫ
17 ақпан күні №7 ЖОББМ- де сағат 15.00 «Ең таңдаулы сынып-2016» байқауы шеңберінде «КЛАСС MALL» экономикалық ойын өтті. 6 «Г» сынып оқушылары жәрменкеге өз қолдарымен жасалған бұйымдар апарып, өткізді. Заттарды балалар балшық, қағаз, мата және т.б. материалдардан жасады. Қорытынды бойынша 6 «Г» сынып оқушылары 301 алтынға бұйымдарың сатты.