Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Орыс тілі мен әдебиет апталығы аяқталды
03-02-2016 02:44
Орыс тілі мен әдебиет апталығы аяқталды
Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы орта білім беру мектебінде 25-30 қантар аралығында Орыс тілі мен әдебиет пәндерінің апталығы басталды. Жоспар бойынша , 25 қантарда акті залында аптаның ашылу рәсімі өтті. Бұл іс-шарада 8 “Б” сынып сынып оқушылары қызықты көріністер тамашалады. Орыс тілі мен әдебиет әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Касимова К.Ф. салтанатты жиында апталық жоспармен таңыстырып өтті. 26 қантар күні пән мұғалімі Ш.Ш. Касимованың ұйымдастыруымен 7 сыныптар аралығында И.Крыловпен С.Михалковтың шығармашылықтарың мәнерлеп оқу сайысы өтті. Барлығы 14 оқушы қатысты. Бұл іс-шарада И.Крыловтың “Мартышка и очки”, “Лебедь, рак и щука”, “Кот и повар”, “Стрекоза и Муравей”, ” Слон и Моська”, ал С. Михалковтың “Грибы”, “Чудак”, атты шығармашылықтары оқылды. 7 сынып оқушылары белсенды қатысып келесі нәтижеге жетті: І орынға Базарбеков А., Таттыбаева А.,Мурат М. ие болса, ІІ орынды Калтаева А., Касым Е., Калиаскар М. жеңіп алды, ал ІІІ орынға Сандыбаева А., Камалиденов Ислам, Казакбай Асан ие болды. Қалған оқушыларға белсенді қатысқан үшін номинациялар берілді. 27 қантар күні мектеп кітапханасында орыс тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі Касимова К.Ф. 8 сынып оқушыларына жерлес ақындардың «Қыс» тақырыбына байланысты мәнерлеп оқу сайысын өткізді. Оқушылар Павлодар қаласының атақты ақындары П.Васильев, Ж.Нуркенов О.Григорьева, А. Музалевский, В.Семерьянов туралы мәлімет алды. Сонымен қатар дайындалған балалар осы аталған ақындардың шығармашылығың мәнерлеп оқыды. Барлығы 15 оқушы қатысты. Осы сайыста О. Григорьеваның «Стих о Павлодаре», «Огромный и ,наверно, добрый», П.Васильевтің «Тройка», «Зима», Ж. Нуркеновтың «Ах, зима ты в румянце», «Я уже отчаялся дожидаться», А. Музалевскийдің «Снег медленно плывет в тиши вечерней” мәнерлеп оқылды. Әділқазы алқасы оқушыларды тындап, келесі шешімге келді: І орынды Мухаметкалиева Т., Мубаракова К., Кнышбаева А., ІІ орынды Бальгужинов С., Әмірбек М., ал ІІІорынды Кожанова Г., Жумашева Д., Базарбаева М., Амантай А. берді. 28 қантар күні мектепте 5 сыныптарға орыс тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі Шаханова А.К. интеллектуалды марафон ұйымдастырды. Бұл шараға 40 оқушы қатысты. Қатысушылар берілген логикалық тапсырмалар орындап, күрделі сұрақтарға жауап берді. Ерекше жақсы жауап берген оқушылар келесі орындарға ие болды: І орын Шокпарова Дарига 5 “А”, ІІ орын Карабалина Дильназ 5 “В”, Абиджанов Ильяс 5″Б”, ІІІ орын Бигазы Алуа, Мерканова Сапия 5 “А”, Имангельдинова Адия 5 “Б”. 29 қантарда орыс тілі мұғалімі Баядилова М.П. 9 сыныптар аралығында «Астана- колыбель истории» атты ғылыми конференция жүргізді. Конференцияға қатысқан оқушылар Астана қаласының мәдениет ескерткіштер туралы мәлімет берді. Бүгінгі күні Елордада 47 тарих және мәдениет ескерткіштері бар екен. Оның ішінде 12-сі археологиялық. Апта бойы мектепте 5-7 сыныптарға арнай «Лингвистическая перемена» атты викторина ойыны өтті. Бұл ойынды ұйымдастырған пән мұғалімі Мукашева Б.С. Апта сонында қатысқан оқушылар келесі нәтижеге жетті: І орын 6 е сынып оқушысы Токбаев Султан және 5 в сынып оқушысы Бегембет Тамерлан, ІІ орынды Абдикеримова Д. ,ІІІ орынды Дисубай А, Бегембет Т. алды. Пән мұғалімдері өз сыныптарынан апта бойы тотальный диктант алып, келесі нәтиже көрсетті: 5 - ші сыныптар арасынан жеңімпаз Кенес Илияс болса, 6 сыныптар аралығында Кожанова Гульдана жақсы нәтиже көрсетті. Ал 7 сыныптар арасында 7 г сынып оқушысы Жумабеков Рахат, 8 сысынтар аралығында Каирова Асель, 9 сыныптарда Серикбаева Анеля бірінші орындарға ие болды. 30 күні мектеп акті залында Орыс тілі мен әдебиет апталығының жабылу рәсімі өтті. Іс-шараларға белсенді қатысқан оқушылар дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар «Арай» баспасөз- орталығы жетекшісі Б.С. Мукашевамен жұма бойы өткен іс-шаралар туралы мектеп қабырғасына және мектеп сайтына мақалалар жариялады. «Арай» баспасөз- орталығы IMG_1563 IMG_1570 IMG_1574 IMG_1580 IMG_1459 IMG_1441 IMG_1404 IMG_1454 IMG_1354 IMG_1333