Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Вахаббизм – Қазақстан еліне қауіпті ме?» атты тәрбие сағаты өтті
25-01-2016 10:11
«Вахаббизм – Қазақстан еліне қауіпті ме?» атты тәрбие сағаты өтті

2016 жылдың 23 қантарда Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы орта білім беру мектебінде "Вахаббизм - Қазақстан еліне қауіпті ме?" атты тәрбие сағаты өткізілді. Бұл іс-шараға Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығынан келген Қылышов Абілхайыр Қазбекұлы «Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы» Республикалық ислам діни бірлестігі филиалының өкілі, Павлодар қаласының «Ақмешіті» имамы 9- сынып оқушылар арасында, қазіргі кезде ислам мен қазақы салт - дәстүріміздің ара жігін ажырату, олардың арасындағы қарама қайшылықтар түсінбеушілікті тану қиындық тудыратынына тоқталып кеткен. Олай дейтініміз – соңғы кездері түрлі топтар мен жұртты алдап, соңынан ертіп, әулие әмбиелердің басына барып зиярат жасап, сол жолда пайда тауып елді адастырып жүрген діндар сымақтардың көбейіп бара жатқаны жасырын емес.

Бұл оның ең алғашқы кезеңдері болып саналады, көрсеткен бейнеролик, бұл жағдайлар біздің қоғамызда, ірткі салғысы келеді екені көруге болады Сондай ақ тағы бір көрінісі - өзгелерді көре алмау, түсінбеу немесе түсінгісі келмеу. Олар өздерін өте таза, кіршіксіз санап, басқаны адасушыларға жатқызады. Тура жол көрсеткендерді мойындамайды. Міне осы себептерден, түрлі төңкерістер мен қантөгістерден орын алуы ықтимал деп, өз сөзінде мектеп кітапхана меңгерушісі: Асылбекова Райгуль Сембайқызы.

Экстремизм мүшелері көздеген мақсаттарына жету үшін ешнәрседен қаймықпайды. Тіпті өздерін құрбан етуге әзір. Осылайша күш, қару қолдану және заңдар сенім - нанымдарды аяққа таптап, дін атын бүркемелеп, діттегендеріне жетуге тырысады. Өзі үшін бөгде пікірде саналатындарды түрлі амал - айлалармен арандатуды ойластырады. Экстремизм діндегі жеңілдеткен үкімдерді ауырлатып көрсетіп, халыққа түймедейді түйедей етіп көрсетіп бағады. "Мұсылмандық адал, таза тіршілікті лайлауға барынша тырысып баққан, бөгде, бөтен пасық пиғылды адамдардың өңмеңдеп арамызды арамдап жатқан жасырын емес. Сол ағымдардың алдауына, азғыруына көніп, солардың қарамағына ілінген, қарагөз бауырларымызды ойлағанда, өзегіме өрт түскендей өкінішті сезесің", деп өз сөзінде "Ақ мешіттің" имамы Абілхайыр Қазбекұлы көрсетіп кетті. Бейбіт жолдағы діндердің жүздеген жылдар бұрын, тіпті мыңдаған жылдар бұрын миллиондаған адамдармен өмір сүруін айтты. Бұл діндердің тарихтағы және өмір ағымындағы орнын халықтар біледі.

Мәліметті әзірлеген тарих пәнінің мұғалімі - Рахимжанов Серик Камалиевич

2 3 4 9 1 6 7 8