«Жақсылық-жан жадыратады»
Қазан айында өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Р.С.Куниязова «Жақсылық-жан жадыратады» деген тақырыппен 9 «Б» сыныбында ашық сабақ өткізді. Сабаққа Жамбыл қаласынан келген Абдикиримова Назира Жорабековна АҚ БАҰО «Өрлеу» Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтындағы дәріс беріп жатқан өз тобымен қатысты. Сабақ жоғары дәрежеде өтті. Сабаққа қатысқан ұстаздардың алғысы шексіз.