2015 жылдың 29 қазанында Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы орта білім беру мектебінде "Қамқоршылар күні" аталып өтті. Мереке барысында мектеп ұжымы қамқоршылар қауымымен жүздесті. Осыған орай қамқоршылардың үйлеріне барып мерекелерімен құттықтап, марапаттау қағаздарын табыс етті. Әрбір қамқоршының үйіне мектеп әкімшілігі, балалар құқығын қорғау инспекторы, әлеуметтік педагог барып өздерінің қамқорлығындағы балалардың тәрбиесі мен жан-жақты дамуына үлес қосқандары үшін алғыстарын білдіріп, алғыс хатпен және естелік сыйлықтармен марапаттады. Қамқоршылар да мектеп ұжымына жүректен шыққан жылы лебіздерін білдірді.