Сенім телефоны
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Е.Ерботинға 75 жыл
08-10-2015 07:45
Е.Ерботинға 75 жыл
Есентай Ерботин 1940 жылы 13 қазанда Павлодар облысы Баянауыл ауданы, Мәшһүр Жүсіп ауылында колхозшы шаруаның отбасында дүниеге келген. Есентай Ерботин Қарағандыдағы педагогикалық институттың филология факультетіне оқуға түсіп, оны 1967 жылы бітіріп шығады. Біраз уақыт ауылда мұғалім болады. Әдебиет мұғалімі Е. Ерботин енді өзін журналистика саласында жұмыс істеген, ол облыстық «Қызыл ту» газетінде жұмыс істейді. Содан кейін облыстық телерадио комитетіне ауысады. 1981 жылдан бастап өмірінің соңғы сәтіне дейін Павлодар облысындағы Қазақ радиосының тілшісі болып істейді. Өлеңдері облыстық газетте, республикалық «Балдырған» журналында жиі жарияланып тұрды. 1975 жылы «Жазушы» баспасынан «Өркен» атты тұңғыш жинағы жарық көрді. Арада екі жыл өтпей «Жалын» баспасынан «Өнеге» деген екінші жинағы шықты. 1981 жылы осы баспадан «Серік пен Берік», 1984 жылы «Менің досым», 1991 жылы «Далаға саяхат» жинақтарын шығарды. Бұдан басқа ұжымдық жинақтарда «Кім боламын?», «Жаңылтпаштар», «Балдырған базарлығы», «Айналайын анашым» атты өлеңдері мен топтамалары жарияланды. Биылғы уақытта Есентай Ерботин 75 жасқа толды. Осыған орай 2015 жылдың 8 қазан күні Б.Момышұлы атындағы №22 ЖОББМ 4 "Е" сынып оқушылары және сынып жетекшісі Ақатаева А.Д. С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың балалар бөлімінде мерей жасқа арналған әдеби кеш өткізді. Е.Ерботиннің өлендерін оқып, жанылпаштар сайысына қатысты. Әдеби кешке бесенді қатысқаны үшін сынып жетекшісі А.Д. Ақатаева алғыс хатпен мараппаталды. Өлен оқып жүлделі орынға ие болған 4 "Е" сынып оқушысы Жасуланова Мерейді және жанылпаштар сайысында жүлделі орынға ие болған Рахимов Аруанды құттықтаймыз!!! Б.Момышұлы атындағы №22 ЖОББМ "Арай" баспасөз орталығы IMG-20151008-WA0039 IMG-20151008-WA0038 IMG-20151008-WA0036 IMG-20151008-WA0032 IMG-20151008-WA0027 IMG-20151008-WA0026 IMG-20151008-WA0025 IMG-20151008-WA0024