Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Адрес: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
"Мәңгілік ел" конференциясы өтті
30-09-2015 07:40

2015 жылдың 23 қыркүйекте Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы орта білім беру мектебінде 9-11 сынып оқушылары арасында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Мәңгілік ел» мектепішілік конференциясы өтті. Конференцияны коғамдық пәндер бірлестігі өткізді.

Конференцияның негізгі мақсаты: оқушыларды интеллектуалдық-шығармашылық потенциалы мен танымдық қызығушылықтарын ынталандыру, қазақстандық отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Конференцияға 9 – 11 сынып оқушылары қатысты. Конференцияның ашылу салтанатты түрде өтті: инновация жөніндегі директор орынбасары Г.А. Бекмурзинова алғы сөз айтты. Толық мәжіліс ары қарай төрт баяндаушымен жалғасты.

9 «Б» сынып оқушылары Аттыгаева Жанагуль мен Мекеш Жәнерке «Ұлттық тарихтың уақыт тізбегі», 9«Д» сынып оқушысы Рахметнаби Насипа «Өшпес тарих тағылымы», 10«А» сынып оқушысы Касимова Дилара «Қазақ құрылуының тарихи маңызы», 11«А» сынып оқушысы Аюбай Аяжан «Әлем тарихындағы Қазақстанның дербестігі» баяндамаларыда, Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің жаулап алушылық соғыстар нәтижесінде емес, халықтың ғасырлар бойы армандаған арман тілегі мен өзара туыстастығы нәтижесінде дүниеге келгенін таныстырды.

Конференцияның ІІ бөлімінде тарих пәнін сүйіп оқитын оқушылар мектеп әкімшілігі атынан дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталды. Салтанатты жиынды әсем әнмен қорытындылады.

20150923_130205 20150923_130751 20150923_131043

20150923_131918