"Павлодар қаласының Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы білім беру мектебінде" 27 тамыз күні "Білім беру мазмұнын жаңарту: Болашаққа бағдарлану" тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. Пед.кеңестің бірінші бөлімінде мектептің инновациалық жұмысы жөнінде мектеп директорының орынбасары Г.А. Бекмурзинова 2014-2015 оқу жылы тәрбие жұмысына талдау жасап, "Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы білім беру мектебінің жүйесі: даму стратегиясы" атты бағдарламасымен таныстырды.
Екінші бөлімде оқу - тәрбие жұмысы жөнінде мектеп директорының орынбасары Ж.Е. Ракишева "Гимназия сыныптарының білім сапасын қамтамасыз етудің жолдары" атты баяндама оқыды. "Тәрбие берудегі тұлғаның құзыреттілігін қалыптастыру функциялары" тақырыпта тәрбие жұмысы жөнінде мектеп директорының орынбасары Д.М. Құдайбергенова сөз сөйледі. Кәсіподақ ұйымының төрайымы Қ.С. Бекишева "Кәсіподақ қызметің жаңғырту мен жетілдіру педагогикалық ұжымның ахуалын нығайту " атты баяндама оқыды. Мектеп директоры М.К. Мамбетова тыңдалған баяндамалар бойынша сөз айтты.
Педкеңестің соңында оқу жылының қорытындылары бойынша салтанатты марапаттау рәсімі өтті.