Ашық аспан астындағы мұражайда
6 тамыз күні Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы орта білім беру мектебінің 6 "Г" сынып оқушылары ашық аспан астындағы мұражайға саяхаттады. Мұражайтанушы А.Н. Ахметова оқушыларға мұражайдың ашылу тарихын таныстырып, ХІХ ғасырдағы экспонаттардан бастап өлкеміздегі сауданың, кәсіпшіліктің дамуын айтып көрсетті. Еңбекті ұйымдастыру, оның эволюциялық даму жолын, әлеуметтік процестердің дамуын бейнеледі. Қолөнер шеберлерінің шығармашылық туындыларын көрсетуге мүмкіндік берді.