Сенім телефоны
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
№22 ЖОББ мектебінде өткен «Біз құстарды қорғаймыз» атты акциясы
17-01-2010 18:00
№22 ЖОББ мектебінде өткен «Біз құстарды қорғаймыз» атты акциясы

«Құстар» біздің қоршаған ортамызды жақсартуға ерекше, баға жетпес үлес қосады! Тарихқа көз салсақ, құстардың бейнесі адамның өмірінде асыл-мұра арқылы өзіндік ізін қалдырған! Олардың атуларын сазды әнге салып, мәселен: "қараторғай», «бұлбұл», «қарлығаш», сонымен бірге кісі аттарын да құстарға баулып та берген! Сондақтан да құстар біздің адал достарымыз болғандықтан, оларға көмек көрсету баршамызға парыз!

13 қаңтар күні №22 ЖОББ мектебінде «Құстарды қорғаймыз» атты акциясы өтті. Акцияға әсіресе 5-ші сыныптар белсенді қатысып, мектептің мәжіліс залында шағын көрініс викторинасын қойды. Оқушылар құстарға арнап өлең шумақтарын, жұмбақтарды айтып, Павлодар қаласында қыстап қалатын құстар жайлы қызықты мәліметтерді дайындап бүкіл мектепке жария етті. 5 «В» сынып оқушылары Манзура мен Жұлдыз «Аққу аруы» атты биін билесе, сол сыныптың балалары Ануар, Ардагүл, Медғат, Ақмаржан «Екі торғай» атты көрінісін көрсетті.

Осы іс-шараның соңында әрбір сынып өздерінің қолдарынан жасаған құс ұяшықтарын барша мектепке көрсетіп тиісті мадақтама қағаздарын номинация бойынша алды. Мысалға 5 «А» сыныбы «Ең мықты құс ұясы» атты номинациясын алса, 5 «Б» сынып оқушылары «Ерекше құс ұясы» номинация бойынша марапатталды. Марапаттау рәсімі аяқталғаннан кейін, оқушылар құс ұяшықтарды мектептің маңайында іліп, қуана жем салды.

Біздің ойымызша, осындай акциялар тек құстарға көмек көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге оқушылардың табиғатқа, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыруға маңызы өте зор екендігі сөзсіз.

Аға тәлімгер: Ахметова А.Б.